Атырау облысында 130 елді мекені кең жолақты интернетпен қамтылды

Атырау облысында 130 елді мекені кең жолақты интернетпен қамтылды

Атырау облысының 130 елді мекені кең жолақты интернет желісімен қамтылды.

Талшықты-оптикалық  байланыс желісімен ауылдарды қамту бағдарламасы 2021 жылы басталған болатын. Осылайша облыстағы 250-ден аса тұрғыны бар ауылдар жаңа жүйеге қосыла бастады. Бүгінде осы санатқа жататын 2 қала мен 7 ауданның елдімекендері 3G және 4G технологиясы бойынша мобильдік интернетті пайдаланып отыр. Жаңа жүйе облыс орталығынан 600 шақырым шалғайда жатқан «Азғыр» өңіріндегі ауылдардың барлығына толықтай тартылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады.

Аман Сұлтанов, индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Атырау облысы бойынша 153 елді мекен бар. Сол елді мекенінң 130-ы интернетпен қамтылған. Қалған 23 елді мекенді интернетпен қамту бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жалғасады. Кең жолақты интернетті ауылдарға жеткізу мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті береді. Адамдар үйінен шықпай мемлекеттік қызметті қабылдай алады және сауда-саттықты дамытуға көмектеседі.