Шымкентте қалың қар жауды

Шымкент те әбігер. Қар түнімен тоқтамай жауған.

Қалыңдығы тізеге жетеді. 30 сантиметрдей. Қала билігі көшелерді тазартуға жүзге жуық арнайы техника жұмылдырылғанын мәлімдеді. Бірақ толассыз жауған қарды аршып үлгере алмай жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметі жолда қалған автобустар мен жүк көліктеріне көмек беріп жатыр. Ал Нұрсәт шағын ауданында көлемі 252 шаршы метрдей екі бастырма құлап, бес көлікті басып қалған. Синоптиктердің болжауынша алдағы тәулікте күн 20 градусқа дейін суытады.

Блиц:

- Мұндай қарды көрмегелі қанша уақыт болды ғой. Соңғы рет 1966 жылы көргенмін. Тракторлар анау булдезерлар тазалай алмай жатыр. Көріп тұрмыз. Қар қалың, жол тайғақ. Әрең жүрміз жаяу.

- Жолдар тазаланбаған. Машиналар әрең жүріп жатыр. Мұның алдында мұндай қар болмаған. Бірақ әлі 2-3 күн жауады дейді ғой. Жолды тазалау керек.