Қостанай облысындағы аурухана ауданаралық болып қайта құрылды

Қостанай облысының Арқалық және Жітіқара қаласындағы ауруханалар кепбейінді ауданаралық мекеме болып қайта құрылады.

Бұл жақын маңдағы ауыл аймақтар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін, сапасын арттыруға сеп болмақ. Ауданаралық мәртебеге ие болатын ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізіп, замануй құралдармен жабдықтауды  екі жылдың ішінде аяқтау көзделіп отыр.

Қостанай облысындағы аурухана ауданаралық болып қайта құрылды

Аманкелді ауданы Есіл ауылының тұрғыны Жұмағазы Жанбосынов 2-3 күн бұрын абайсызда тайып құлап, бұғанасын сындырып алған. Қазір Арқалық өңірлік ауруханасында емделіп жатыр. Жақын күндері  операция жасалмақ.

Жұмағазы Жанбосынов, Аманкелді ауданының тұрғыны:

- Ауыл сырқаттанып қалса,осы Арқалық қаласына келеді ғой больницасына. Жақсы күнде қарайды, бүкіл құралдары бар бәрі. Әдемі қарайды бәрін, уақытымен, мезгілімен, операциясы болса, операциясын жасайды.

Көршілес Аманкелді, Жанкелдин аудандарынан тыс  Ақмола, Ұлытау облыстарының іргелес елді мекен тұрғындары да осы Арқалық ауруханасында  ем-дом қабылдайды. Жалпы 50 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсетіледі екен. Сондықтан келер жылы бұл ауруханаға ауданаралық мәртебесінің берілуі заңдылық демеске болмайды. Осындай өзгеріске байланысты медициналық мекемеде күрделі жөндеу жүргізілмек. Ең бастысы замануй жаңа жабдықтар алынады.

Құралбай Асанов, Арқалық өңірлік ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы:

- Бұл жасанды бүйрек созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне арналған өтетін процедуралар. Қала бойынша учетта тұрған 14 науқас бар. Қазір біздегі бір аппарат.Қосымша тағы 2 аппарат болса, қала тұрғындарын толыққанды қамтамасыз ететін едік. Сол бойынша енді жоспарлап отырмыз. Тағыда екі аппарат алуға.

Мемлект басшысының тапсырмасына сай, замануй жабдықталған  ауданаралық ауруханалар 2025 жылға дейін құрылуы қажет. Қазір оларды жасақтап, жарақтандырудың жобалары қаралып жатыр.

Қуат Әлмағамбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 

- Ауданараралық ауаруханалар құрылыс бойынша проектылар дайын. Келдесі жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталады. 121610 Қазірден бастап медициналық жабдықтар алып жатыр. Компютерлік томография, УЗИ аппараттары, МРТ алынды.

Арқалық ауруханасында қазір кадр тапшылығы байқалып отыр. Әсіресе кардиолог, невропатолог, нейрохирург дәрігерлер жетіспейді. Жергілікті әкімдік келуге ниет білдірген мамандарға 4 млн тенге көтермеақы беріп, баспанамен қамтамасыз етуге дайын.