ШҚО-да дәрігерлерді қыстаққа жеткізді

Қолайсыз ауа райы Шығыс жұртын да әбден әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе төтенше жағдай қызметкерлерінде тыным жоқ. Кеше олар жол талғамайтын көлікпен Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Аршалы қыстауындағы науқасқа дәрігерлерді шұғыл жеткізген. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң аудандық ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, құтқарушылар соңғы он күнде өңірдегі 100-ге жуық адамның қар құрсауынан шығуына жәрдемдескен. 

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:

- Зайсан ауданындағы қыстақтардың бірінде ер адам қатты науқастанып қалған. Ол жерге дәрігерлер өз көлігімен жете алмайтын болғандықтан біздің қызметкерлерге жүгінуге тура келді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жол талғамайтын КУНГ көлігімен науқасты қауіпсіз жерге жеткізді.