Алматыдағы аудан ойылған өткел кесірінен кептелістен арылмайтын болды

Ойылған өткел көлік жүргізушілерін әбігерге салды.

Алматының Жетісу ауданындағы теміржол өткеліндегі осы шұңқырлардың кесірінен таңертең және кешкі уақытта көлік кептелісі көбейді. Бұл жер қала мен Алматы облысына қарасты Іле ауданын жалғайды. Түймебаев, Ащыбұлақ ауылдары мен Боралдай кентінің тұрғындары шаһарға осы жол арқылы қатынайды.

БЛИЦ

- Үлкен машинаның өзі қалай өтіп жатыр. Біз жеңіл машиналар біріншіден ходовка, екіншіден бамперіміз кетіп жатыр. Оның астынан поддон дейді ғой мотордың майы, ол да тесіліп осы жерде тоқтап қалып тағы да кептеліс болуына әсер етіп жатыр.

- Постоянно пробка, до Ашибулака едем постоянно пробка, пусть делает. Всегда такая яма, почему не делают дорогу? 

Жетісу ауданы әкімдігі өкілінің айтуынша, бұл жол 2021 жылы орташа жөндеуден өтіпті. Алайда көлік көп болғандықтан осындай күйге түскен. Әкімдік қызметкері енді бұл аралықты көп созбай жөндеп береміз деп уәде берді. 

Әлішер Әбдіқадіров, Жетісу ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маманы:

- Көрсетілген шұңқырлар кеше ғана инстаграмға түсті. Біз жақын уақытта уақытша шаралар қолданатын боламыз. Күн жылыған кезде біз шұңқырды жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.