Шетелдік көліктер 23 қаңтардан бастап заңдастырылады

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жолы елімізге өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктер заңдастырылады. Енгізілген тиісті өзгерістерге сәйкесутили көлік иелері утилизациялық алым төлемейді. Тек 200 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды. Бұл жұмыстар Үкімет бекіткен тиісті қағидалар мен талаптарға сай жүргізіледі. Біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек. Әрі ол іздеуде болмауы тиіс. Сондай-ақ басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Соңғысы, кедендік тексеруден өтуі керек.