Павлодар-Астана тас жолында 170 көлік кептелісте қалды

Павлодар-Астана тас жолында 170 көлік кептелісте қалды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар-Астана тас жолында 170 жеңіл көлік пен жүк көліктерінен ұзынсонар кептеліс пайда болды.

Оқиға Шідерті ауылының жанында болды. Жолда 359 адам қалып қойған, оның 14-і балалар. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Оларға арнайы 4 жылыту орталықтары әзірленді. Адамдар Шідертідегі мектеп, қонақүй, мешіттерге орналастырылды. Мамандар тас жолдарды қардан аршып, тазалап жатыр. Жұмысқа Қазавтожолдың 12 техникасы мен жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмылдырылды.