Көкшетауда құрылысқа жауапты басшы орынбасары 8 жылға сотталды

Көкшетауда пара алған облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасыры 8 жылға сотталды.

Арнайы тергеу барысында оның 50 млн теңге жымқырғаны анықталды. Бұл қомақты қаржы Щучинск қаласындағы 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысына бөлінген. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан шектетілді. Ал экс шенеуніктің екі сыбайласы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қамал Қабылбеков, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті басшысының орынбасары:

- Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды. Тергеу барысында сотталғандардың бөлінген 50,5 млн теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.