ШҚО-да көктемгі су тасқынына дайындық басталды

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталып кетті.

Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік мамандары қауіпті жерлерді бақылауға алған. Қар көбесі сөгілгенде 2 мың адам мен 700 техниканы жұмылдыру жоспарда бар. Төтенше жағдай туындаған сәтте 100-ден астам уақытша тұрақ ұйымдастырылмақ. Ертіс бассейндік инспекциясы техникалық қызметтерге қазірден бастап бөгендерде су қабылдайтын қосымша резервті дайындауға кеңес береді. Өңірдегі 71 елді мекенде су тасу қаупі барын айта кетейік. Бүгінгі күні құтқарушылар 15 ауылдағы қауіпті жойды. 

Дина Бексұлтанова, ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- 2023 жылы тасқын су қаупі бар кезеңіне даярлық жұмыстары, тасқын суға қарсы іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда су өткізгіш құбырларын, каналдарын және арықтарын тазарту жұмыстары.