Маңғыстау облысында «Шетпе-Жетібай» бағытындағы жол жабық

Ал Маңғыстау облысында шаңды дауылдың салдарынан республикалық маңыздағы жолдың «Шетпе-Жетібай» бағытындағы учаскесі жабылды.

Синоптиктер 13 қаңтарда желдің жылдамдығы секундына 20-25 метр жетуі мүмкін екенін тұрғындарға смс-хабарлама түрінде ескерткен. Бүгін түс ауа Қарақия мен Маңғыстау аудандарын жалғайтын тас жолда топырақ борап, көлік қозғалысы қиындады. Аймақта ертең де шаңды дауыл тұрады деген болжам бар.