Қаңтар оқиғасы: мерт болғандардың балаларына грант бөлінеді

Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған қазақстандықтардың балалары жоғарғы оқу орындары мен колледждерде тегін оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені білім гранттары «Қазақстан Халқына» қорынан бөлінеді. Әр балаға жыл сайын 1 миллион теңге қарастыру көзделіп отыр. Жарақат алғандардың балаларына да қолдау көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау жаңа оқу жылынан басталады.

Айта кету керек, қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қайтыс болды.