Елде 3 лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

Былтыр елде 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 1000-нан аса қару-жарақ пен 31 мың 860 оқ-дәрі тәркіленді. Олардың жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мемлекет басшысымен кездесу барысында мәлімдеді.

Ермек Сағымбаев қызу дайындалып жатқан 3 лаңкестік шабуылдың алдын алу мүмкін болғанын жеткізді. Сондай-ақ кезектен тыс Президент сайлауы қарсаңында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлаған радикалды топ ұсталған. Жалпы өткен жылы елде экстремистік қылмыс жасағаны үшін 56 адам сотталды. Осында қылмысқа қатысы бар 134 шетел азаматы елге кіргізілмеді.