Омбы-Майқапшағай күре жолында 14 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында биіктігі 50 сантиметрге дейін жететін қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Боран салдарынан Омбы-Майқапшағай бағытындағы күре жолда көліктердің қатынауы қиындады. Жолға шыққан 14 адам қар құрсауында қалған. Арнайы техниканың көмегімен 6 көлік шығарылып, жолаушылар аман-есен құтқарылды. Олар жақын маңдағы Үлкен Қаратал және Қаратал ауылдарына жеткізілді. Ал «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері түні бойы республикалық маңыздағы автотрассаның жабық учаскесін қардан тазалап, жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсеткен. Таңғы сағат 7:30-дан бастап жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды.