Ақтөбе облысындағы жас спортшыларға автобус сатып алынады

Ақтөбе облысындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне автобус алынады.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлінген. Жас спортшылар енді жарыстарға білім беру мекемесіне тиесілі көлікпен қатынауы тиіс. Бұл шешім жеткіншектер мінген жеке көлік апатқа ұшырағаннан кейін қабылданып отыр. Осыдан бір ай бұрын Темір ауданының бір топ оқушысы мінген машина жолдан шығып кетіп, 12 жастағы спортшы мерт болған еді. Ал бапкері әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді.

Евгений Гончаров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

- Автобустар барлық ауданға берледі. Көлік сатып алуға байқауды алдағы аптада жариялаймыз. Көктем келгенше жетуі тиіс. Автобус құрама команда сыятындай болуы тиіс. Сондықтан спорт мектебінің барлық тәрбиеленушісі қолдана алады.