Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Оның құрамына Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз кірді. Сонымен қатар салаға жауапты Үкімет мүшелері де кеңес құрамына енді. Жалпы бұл кеңес Қазақстан ғылымын дамытуда перспективті және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізбек.