Маңғыстау облысына 22 автокөлік заңсыз жеткізілген

Маңғыстау облысына Грузиядан 22 жеңіл машина заңсыз жолмен жеткізілген.

Құрық теңіз портына келген соң, автотасымалдайтын көліктерге тиеліп Өзбекстанға жеткізілуі тиіс болған. Алайда, барлығы да Қазақстан аумағында сатылып кеткен. Жалған транзиттің кесірінен алдын ала есеп бойынша мемлекетке 98 млн теңге шығын келді. Қазір әлгі көліктердің қай өңірге және кімдерге сатылғанын құзырлы органдар анықтап жатыр. Контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлібек Дүзелбаев, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі:

- Арнайы базаға жалған деректер, аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтіп кеткені туралы деректер енгізілген. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Өзбекстан Республикасына өтпегендігі, яғни осы автокөліктердің Қазақстан Республикасы аумағында сатылып кеткендігі анықталды.