Атырауда көкөніс тапшылығы болмайды

Жауапты тұлғалардың сөзінше қазір тұрақтандыру қорындағы картоп, пияз, сәбіз пен қырыққабаттың көлемі 1200 тоннадан асады.

Айына 4 мың тоннадай көкөніс тұтынатын өңір тұрғындарына тауардың 50-60% көрші облыстар мен шет елден жеткізіледі. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста аталмыш өнімдерге қатысты бағанының қымбаттауы байқалмаған.

Нұрдәулет Жұмасейітов, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Тәжікстан, Пәкістан, Иран мемлекетімен, қазір сол жақтың жергілікті тауар өндірушілерімен тұрақтандыру қорының механизм шеңберінде өңірдің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және қолжетімді бағада ұсыну үшін жаңа механизмдер іске асырылып жатыр. Сол механизм бойынша Атырау облысы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы келісімшарттар жасақтап, өңірде баға өскен фактілер анықталып немесе тапшылық болған жағдайда өзімізге қажетті көлемде жедел тасымалдау.