Ақмола облысында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталды

Қазір қатердің алдын-алу мақсатында өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Нәтижесінде 113 аймақтағы қауіп сейілді. Облыс бойынша қыс басталғалы 255 мың текше метр қар шығарылған. Ал, синоптиктердің мәліметінше, топырақ қатуының орташа деңгейі 98 сантиметрге дейін жетсе, өзен-көлдердегі мұз қалындығы 33-91 сантиметрді құраған. Жалпы өңірде су басу қаупі жоғары бірнеше аудан бар. Соның ішінде Атбасар ауданы басты назарда.

Қайрат Қасым, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

- Өзен маңында тұратын тұрғындар салынып жатқан жаңа 20 пәтерлі тұрғын үйге көшіріледі. Ал жақын күндері өзенде мұз жару жұмыстары жоспарланған. Әзірге онда ешқандай қауіп жоқ.