Атырау облысындағы елді мекендердің бас жоспарлары жаңартылады

Кейінгі жылдары аудан орталықтары мен ауылдарда адам санының өсуі мен құрылыс қарқынының күшеюіне байланысты жергілікті билік осындай шешім қабылдады.

Биыл 155 елді мекеннің 131-нің бас жоспары әзірленді. Сонымен қатар жеке тұрғын үй салуға арналған 8700 гектардан астам аумақтың жоспарлау жобасы дайын. Атырау және Құлсары қалаларының 5 жылдық кешенді даму бағдарламасына да өзгертулер енгізіледі. Биыл облыс бойынша 9 жоба дайындалды. Оның ішінде 7 елді мекеннің бас жоспары бар.

Гүлбаршын Арыстанова, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Сол жаңағы 7 бас жоспардың ішінде біздерде бұрын бас жоспары әзірленбеген 3 ауылымыз бар. Қызылқоға ауданына қарасты солардың бас жоспары әзірленеді. «Жаңа Қаратон» кенті, сонымен қатар Құрманғазы ауылы сосын Индер кентінің бас жоспарлары бұрын бектілген еді, солар қазір ескіріп, соған өзгертурлер мен түзетулер жұмыстары басталады.