Түркістан облысында су сору жұмыстары жалғасып жатыр. LIVE

Түркістан облысында құтқарушылар су басқан елді мекендерде түні бойы су сору және құм толы қапшықтарды төсеу жұмыстарын жалғастырды.

Себебі «Қазгидромет» қызметі бүгін облыстың басым бөлігінде жауын-шашын болатынын, қардың қарқынды еруі мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін болжап отыр.

Ауа райын болжау қызметі бүгінде өңірде жауын-шашын болатынын айтып отыр. Сондықтан қауіпсіздік шаралары барынша қатаңдатылған. Құтқарушылар мен жергілікті әкімдік қызметкерлері түні бойы кезекшілікпен су сору, арық-атыздардың жағасын инертті материалдар салынған қапшықтармен бекіту жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Бәйдібек, Сауран, Созақ аудандарымен Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізілді. Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылында жеке тұрғын үйдің ауласынан су сору жұмыстары жүргізу барысында 36 бас ұсақ малдың қырылғаны анықталды. Одан бөлек, 589 бас қсақ мал қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы 204 адам эвакуацияланды. 14 мотопомпа көмегімен 86 ауладан 197 текше метр су сорылды.