«Бизнеске жол» жобасы бизнесті қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді

Кәсіпкерлердің алдына түрлі кедергі кездеседі. Бұл бизнестің дамуын тежейтіні сөзсіз. Жер алу, инфрақұрылым және құжат жинауда қиындықтар бар.

Бұл туралы арнамызға сұхбат берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты. Қазіргі таңда бизнесті қорғауды күшейтіп, түйіткілдің түйінін тарқатуға бағытталған нақты шешімдер қабылданып жатыр. «Мысалы саланы серпілтуге «Бизнеске жол» жобасы мүмкіндік береді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Олжас Бектенов, ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Мен өзімнің әріптестеріме жалаң сөзді қойып, нақты іске көшуді тапсырамын. Өкінішке қарай кәсіпкерлердің алдына түсетін кедергілер әлі бар. Бұл олқылыққа жол беруге болмайды. Біз қазір осы бағытта жұмысты күшейттік. Бірқатар өңірде әкімшілік кедергіге тап болған кәсіп иелерінің мәселесін шешіп жатырмыз.