Елде көлікті тіркеу шілдеге дейін жалғасады

Көліктерді бірінші шілдеге дейін тіркеуге болады.

Қазір ел бойынша 15 мың азамат темір тұлпарын мемлекеттік есепке қойған. Жалпы 35 мың адамның өтініші мақұлданды. Бірақ, кейбір азамат көлігін тіркей алмай, наразылық білдірген. Ішкі істер министрлігінің өкілі: «әрбір жағдай жіті қаралады» деді.