Павлодар облысында көпір құрылысы басталады

Биыл Павлодар облысында Ертістің үстінен өтетін көпірдің құрылысы басталады.

Мамандардың мәліметінше, төрт жолақты нысанның ұзындығы шамамен үш шақырым болады. Стратегиялық маңызы бар жобаны жүзеге асыруға 40 млрд теңге жұмсалады деген жоспар бар. Қазір салалық министрлікке бюджеттік өтініш жіберілген. 60 жыл бұрын салынған бұрынғы өткел әбден ескіріп, апатты жағдайда деп танылған еді.  Сол себепті көпір арқылы тек жеңіл көліктер ғана жүріп жүр.  Еске сала кетейік, жаңа көпір салу мәселесін президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыста болған жұмыс сапары кезінде айтқан еді. 

Алексей Логвиненко, "ҚАЗАВТОЖОЛ ҰҚ" АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Ескі көпірді күтіп-баптауға тырысамыз. Нысанның қаншалықты нашар күйде екенін сараптама көрсетеді. Оны арнайы ұйым шешеді. Жалпы құрылыс жұмыстры 39 айлық мерзімге шақталған. Яғни 25 ай жаңа көпірді салуға кетсе, 14 ай ескі көпірді қайта монжаждауға жетеді. Қаржы бөленсе, жүзеге асырыла бастайды.