Жамбылдағы Қордай ауданындағы елді мекендердің 83% газ берілді

Тұрғындардың тұрмысы түзеліп, әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Білім саласы да дамып жатыр. Әсіресе, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге құлшынысы жоғары.

Ақбота Тұрсынбекова дүнгендерге қазақ тілін үйретіп жүр. Тараздық ұстаз Масаншы ауылына 3 жыл бұрын 3 айлық курс өткізуге келіпті. Содан осында қалып қойған.  Бүгінде 200 ден аса қызметкердің мемлекеттік тілді меңгеруіне себепкер болды. Тіл үйренгендер қатарында  балабақша тәрбиешілері, кәсіпкерлер, әкімдік қызметкерлері мен имамдар бар.

Ақбота Тұрсынбекова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Оларға қазақ тілін үйрену, менің практикамда өте қиын. Бірақ, олар сол барьерді жеңді. Егер ниет болмаса, мен нәтиже көрмейтін едім. Олар қазақша сөйлеген сайын мен рахаттанам деп айтсам болады. Мен қуанамын. Олар қазір түсінеді, сөйлец алады.

Мемлекеттік тілді үйренуге мектеп ұжымдары да ден қойыла бастаған. Сортөбе ауылындағы Михаил Лермонтов атындағы орта мектептің 62 оқытушысы аптасына 4 рет дәріс алады.

Вангар Воинце, Сортөбе ауылдық №16 мектеп директорының м.а:

- Отанда тұрғаннан кейін, сол мемлекеттің тілін біз білуге міндетті, білуіміз керек. Өзіміздің мектепте қазір аралас мектеп. Орыс тілі сыныптар да бар и қазақ сыныптар да бар. Алдағы жылдарға барлығын негізгі мақсатып сол, таза қазақ мектеп болсын деп. Балалар қазақ, мемлекеттік тіл үйренсін.  

Ауданда көп ұлтты отбасылары да бар. Солардың бірі Қаракемерлік Көркем Ыбышевтың жанұясы. Дүнген қызы Аида Дываны жар еткен ол 2 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп отыр. 

Аида Дыва, Сортөбе ауылының тұрғыны:

- Үйренген білімімді әрине өзім балаларыма да үйретіп келе жатырмын. 7 атасын біледі балаларымыз. Екі жақтың да салт-дәстүрін сақтаймыз. Салт дәртүрін жақсы білеміз. Бір-бірімен араластырмаймыз. Сыйлаймыз. Екі жақты да сыйлаймыз. Екі жаққа да сыйлымыз.

Қордай ауданы халқының 37 процентін дүнген ұлты құрайды. Аумақта 34 мешіт бар. Бүгінде қазақ тілінде уағыз-насихат жүргізу үшін, имамдар да мемлекеттік тілті үйреніп жүр. Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін республикадан 35,1 млдр тг бөлінді. Осы қаржы есебінен 2021-22 жылдары 392 жоба іске асты. Былтыр 4600 ден аса жаңа жұмыс орны ашылды.

Дамира Сүгірбай, Қордай ауданы әкімінің орынбасары:

- 22-жылы 22 елді мекенге газдандыруға қаражат бөлінген болатын. Былтыр қалған 6 елді мекенге газдандыру бойынша қаражат бөлініп, биыл сол 6 елді мекенде газдандыру жүзеге аспақ. «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданымызда 3 мектеп бой көтермек.

Жергілікті билік ауыл аймақтағы мәселені білу үшін, тұрғындармен кездесіп тұрады. Бұл жолы да облыс әкімінің орынбасары Масаншы, Сортөбе ауылының халқымен кездесті. Басқосу барысында аудандағы білім сапасын көтеру, ауыз су, жол, жайылым жер мен интернеттің мәселесі көтерілді.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә