Талдықорғанда былтыр 70 шақырымдай газ құбыры тартылды

Талдықорғанда былтыр 70 шақырымдай газ құбыры тартылып, 2 мың абонент үйлерін көгілдір отынмен жылытуға мүмкіндік алды.

Жақын арада қала іргесіндегі Үйтас саяжай аумағына көгілдір отын беріле бастайды. Онда 3 мыңға жуық үй бар. Үйге газ тарту құны 140-160 мың теңгеден аспайды. «Біз Талдықорғанда жұмыс істеп жатқан 18 мердігер компаниямен осындай уағдаластық жасастық», - деді қала әкімі Әсет Масабаев. Ал үйге көгілдір отын кіргізуге қажетті керек-жарақты тұрғындардың өзі сатып алады. Сонда әр абонент үшін оның жалпы құны шамамен 450 мың теңгеге шығады. Қазір әкімдік пештердің бағасын арзандату үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Әрі қала аумағындағы өзге де саяжайлар мен ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге арналған жобалау жұмыстарын да қолға алған.

Әсет Масабаев, қала әкімі:

Қазандықтардың бағасын түсіретін болсақ, ол өз кезегінде бағаның қалыпты деңгейде тұруына септігін тигізеді. Сондықтан бұл жерде 140-160 мыңнан көтермей, соған уже келістік. Ал қалған үйдің ішіндегі қазандық, фильтрациясы бар, мұржасы бар, сигнализатор дейміз, төбесінде қорғау темірі бар, соның бәрі жеке тұрғынның есебінен алынады және бұл негізгі бағаға қатты әсер етеді сол жері. Қалған қосылуы тұрақты деңгейде ұстап отырмыз.