БҚО-дағы автогаз тапшылығы жуырда реттеледі

Сала мамандары осылай деп отыр. Қазір қорда 550 тонна сұйытылған отын бар.

Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес биылғы алғашқы тоқсан үшін аймаққа 10 мың тоннадан астам автогаз бөлінген. Тауар Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасымалданып келді. Алайда ол кәсіпорында жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты осындай жағдай туындаған. Мамандар мамандар Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, жергілікті, ақтөбелік және атыраулық компаниялармен уақытша келісім жасасты.

Қанат Өмірәлиев, облыстық ТКШ және энергетика басқармасы басшысының орынбасары:

- «Жайықмұнай» ЖШС бізге мың тонна газ берді. Кешеден бастап облысқа әкелу жөнінде кесте құрылып, әкелініп жатыр. Одан бөлек, Ақтөбе зауытынан 200 тонна қарастырылды және бүгіннен бастап Атырау мұнай өңдеу зауытынан біздің облысқа 50 тоннадан күнделікті кесте құрылып, газдар өңірімізге жеткізіліп жатыр.