Ұлытау облысында су басу қаупі бар 29 елді мекен анықталды

Ол жерлерде 3200-ден астам адам тұрады. Өңірде көктемгі су тасқынына әзірлік қазірден қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 мың текше метрге жуық қар шығарылған. Табиғат тосын мінез танытпаса, көктемгі су тасқыны қалыпты өтеді, - дейді мамандар. Дегенмен наурыз айының 1-інен бастап құтқарушылардың қызметі жоғары дайындық тәртібіне көшіріледі. Тұрғындарды эвокуациялайтын 42 пункт жасақталған. 34 бірлік арнайы техника әзір тұр.

Есен Байыров, облыстық ТЖД бастығы:

- Қазір қар түсудің қалыңдығы әрбір жерлерде 40-50 см, 1 метрге шейін жетеді. Жердің қатуы 40-50 сантиметрді көрсетіп тұр. Бұл қаупі бар аймақтардың бәрі бақылауда болады.