Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп, Хатай және Нұрдағы елді мекендерінде жүр

Қазіргі ақпарат бойынша үйінділердің астынан 4 адам шығарылып, 10 адамның сүйегі табылды.

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, құтқару жұмыстары күн-түн демей, екі аусым бойынша аса күрделі жағдайларда жүргізіліп жатыр.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі:

- ҚР құтқарушыларының тобы Түркия Республикасының 3 қаласында іздеу-құтқару операцияларын жалғастырып жатыр. Бірінші қала Газиантеп және елді мекен Нұрдағы деген және Хатай қаласында іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстар нәтижесі бүгінгі күнде 10 адамның мәйіті сынған, қираған үйлердің астында табылып, және 4 адам тірідей табылып шықты. Құтқарушылар тоқтамай, 2 смена бойынша жұмыс істеп жатыр, күндіз де, түнде де. Барлық керекті заттарымыз, құралдарымыз жетеді. Жергілікті әкімшілікпен осы жерден құтқару басқармасымен жұмысты ұйымдастырдық.