Түркиядағы зілзала құрбандарына гуманитарлық көмек жинау науқаны жалғасып жатыр

Қазіргі таңда ел бойынша Ұлттық волонтерлік желінің есепшотына 1 млн теңгеге жуық қаражат жиналды. Төлем жүргізу қосымшасы арқылы заттай көмек қабылдау пункті Қабанбай батыр көшесі 11/5 (бесінші ғимарат), 5-ші қабат, 505 кабинетте орналасқан.

Нұрас Ералы, қала тұрғыны:

- Алғаш рет біз оның бәрін инстаграм әлеуметтік желісінде көрген болатынбыз. Түркияда адамдарға көмек керек деп көптеген хэштегтер шығып жатыр. Түркиядағы халыққа көмек ретінде осындай киім-кешек жинап жатқанын көріп, біз де көмек беруге дайын болдық.

Айбек Досымбетов, ұлттық волонтерлік желі басшысының орынбасары:

- Біз жиналған заттың барлығын елшілікке апарамыз. Ондағылар өздері Түркия еліне жөнелтумен айналысады. Бұның бәрі әуе жолымен тез жылдам жетеді. Кешкі соңғы рейспен Түркия әуе компаниясының ұшақтары арқылы жеткізіліп отыратын болады.