Оралда полицияны жылдам шақыратын дабыл орнатылды

Оралда полицияны жылдам шақыратын дабыл орнатылды

Оралда қылмыс жиі тіркелетін аумақтарға «дабыл батырмалары» орнатыла бастады.

Әзірге мұндай құрылғылар халық көп жиналатын орындарға қойылды. Енді ұялы телефонын ұрлатқан немесе өзге де қиындыққа тап болғандар осы батырманы басып, тәртіп сақшыларын шақыра алады. Құрылғыны пайдаланған кезде бірден бейнебақылау камерасы іске қосылады. Оның көмегімен хабарласқан адамның қай ауданда тұрғанын тез анықтап, сол маңайды шолуға да мүмкіндік бар. Кейін жедел басқару орталығы арқылы жақын жерде  жүрген полиция жасағына хабар береді. Олар оқиға болған жерге санаулы минутта жетуі тиіс. Әзірге бұл құрылғыларды қаладағы ірі алаңдарға орнаттық. Болашақта білім ошақтарына қою да жоспарда бар,- дейді тәртіп сақшылары.     

Қуанышбек Көктаубаев, қала тұрғыны:

-   Мұның эффективносты бұрын егер де кнопка болғанда ол тек қана аудиожазба жүргізетін еді. Қазіргі таңда видеомен және осы кнопканың басу мүмкіншілігі көшеде тұрған бейнебақылаумен в режиме реального времени дейді, келіп көріп шара қолдануға болады. Сондай мүмкіншіліктері бар. 

Сәбит Қалиоллиев, қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары:

- «SOS» дабыл түймесі ІІМ-нің дамыған елдердің тәжірибесі бойынша көшелерде, сондай трассаларда және халық көп орналасқан жерлерге орнатылады. Түймені басқан кезде полиция қызметкері мен қоңырау шалушының арасында тікелей байланыс орнатылады. Яғни, атап айтқанда, 102 операторында отырған инспекторы мен хабарласушыны бейнекамера арқылы көре алады.