Үйіндінің астында үзілген үміт

Үйіндінің астында үзілген үміт. Түркиядағы зілзаладан мерт болған отандасымыз Мирболат Құрмашевтің адамгершілігімен қатар, еңбекқорлығы жайлы таныстары үздіксіз жазып жатыр.

Ол - Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті болған. Мирус – өте еңбекқор, алғыр, бастамашыл жан еді. Марқұм жайлы оның досы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік естелік қалдырды. Ол, соңғы екі жыл Түркияда тұрып, еңбек еткен. Әлі де Қазақстанның IT-саласын дамытуға қосары бар еді.  Хатай провинциясындағы қираған ғимараттан оның денесін қазақстандық құтқарушылар алып шықты. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың мәйітін елге жеткізуге көмектесетінін айтты.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық. Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді. Мағжан Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты.