Алматыдағы «Сайран» су қоймасы тазартылып жатыр

Алматыдағы «Сайран» су қоймасының тағаны тазартылып жатыр.

Жасанды көлдің табанына жарты ғасырдан бері техника түспепті. Ұзақ жылдар бойы жиналған лай мен қоқыс, қамысты механикалық тазалауға 35 адам мен дәл осынша техника жұмылдырылған. Мұндай жұмыс су қоймасына жақын тұратын тұрғындардың арызынан соң қолға алынған. айта Кетерлігі, «Сайран» су қоймасы 1971 жылы салынған. Өзге көлдер секілді балығы тулап жатпаса да, алматылықтардың бір уақ серуендеп, жазда суға түсіп салқындауына жақсы еді. Сондай-ақ Үлкен Алматы өзенінде су тасыса соған тосқауыл болатын. Бірақ 52 жылдан бері бері тазартылмаған жасанды көлдің түбіндегі лай-батпақтың қалыңдығы 40 сантиметрге жетіпті. Былтыр шілдеде Сайраннан лак-позитивті ішек таяқшалары табылып, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің нұсқауымен суы ағызылған. Оның үстіне күн ыстықта жағымсыз иіс тарайтын болған.

Мақсат Қабиденов, қалалық экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:

- Жоба бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары үш көл бойынша 7 айға созылады. Сайраннан басқа Алматы қаласында биылғы жылдан үш көлді тазалау жұмыстары жоспарлануда. Ол «Әуежай көлі», Қарасу шағын ауданындағы «Қарасу» көлі үш көл жалпы жоспарлануда.

Бір Сайранның өзінен 162 мың текше метр лай-батпақ шығады деген болжам бар. Ол қала шетіндегі Ақжар карьеріне төгіледі. Мамыр айының соңына дейін көлдің тағаны толық тазартылып бітеді.  Су қоймасы ндағы жұмыстар біткен соң батыс жағажай мен пирс та күрделі жөндеуден өтеді. «Сайран» жобасы келесі жылы да жалғасады. 2024 жылы аумақ көгалдандырылып, жарық шамдары қойылады.