Павлодар облысында 600 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды

Былтыр Павлодар облысында бос жатқан 600 мың гектар жер ауылшаруашылығы айналымына енгізілді. Биыл тағы 300 мың гектар алқап шаруалардың игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осылайша, жайылым тапшылығы мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Бүгінгі күні облыс бойынша 270 мың гектар жайылым жетіспейді. Қараусыз қалған учаскелерді анықтау жұмыстары жалғасады.