Көкшетауда кәсіпкерлер құқығы қорғалады

Әрбір кәсіпкер өз бизнесін адал жүргізіп, оның ашықтығын қамтамасыз етуі қажет. Ақмола облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бармақ басты, көз қысты дерегін түбегейлі жою жолдары талқыға түсті. Айталық, бүгінде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау бар. Соның нәтижесінде Ақмола облысындағы шағын және орта бизнес субъектісінің саны 13%-ке өскен. Десе де кей кәсіпкер бизнес жолында түрлі кедергі бар екенін жасырмайды.

Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

- Өңірлік кәсіпкерлердің құқықтары, жеке тұрғын-үй, экология мәселелері әрі қарай жетілдіріледі. Біз биылғы жылы превенция тәртібінде анықталған мәселеге басқа да Үкімет ортасындағы бақылаушы министрліктермен бірігіп, жұмысты жандандырамыз. «Бизнеске жол» бағдарламасы аясында осы жұмыстарды жобалық жүйе ретінде жұмысты жалғастырамыз.