Абай облысының фермерлеріне мемлекет қолдау көрсетіп жатыр

Абай облысының фермерлері мемлекеттің қолдаудың арқасында 4 мыңға тарта мал басын сатып алды.

Себебі өңірдің шаруалары «Іскер» бағдарламасымен былтыр жыл соңында 2 млрд теңгеге жуық шағын несие алған. Соның нәтижесінде 50-ден астам жұмыс орны құрылып, 14 стартап-жоба іске қосылды. Сондай-ақ, Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 100 млрд. теңгеге, 13 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Семейде ет өңдеу комбинатын салу, суару жүйелері мен сүт-тауар фермаларының құрылысы секілді жобалар бар.

Анзор Абаев, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Абай облысына "Іскер" бағдарламасы арқылы 1,9 млд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бұл қаражаттың 586 миллионы игерілді. Өңір шаруаларына несие шарттары түсіндірілді. Олардың 6 пайызбен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі бар. Мәселен, өсімдік шаруашылығына 5 жылға, мал шаруашылығына 7 жылға дейін несие беріледі.