Шымкентте 21 адам бруцеллезге шалдыққан

Шымкентте 21 адам бруцеллезге шалдыққан. Мамандардың айтуынша қазір ауру жұқтыру деңгейі өсті.

Былтыр өңірдегі сиыр мен қойдан бруцеллез анықталғаннан кейін қауіпті инфекция ошақтарында болған тұрғындар медициналық тексерістен өтті. Сүт өнімдерінен 114 сынама алынып, оның 9-нан инфекция анықталыпты. Сондай-ақ мамандар топырақ құрамын, жүн мен көңді де зерттеген. Шаһардың Бас санитарлық дәрігері бруцеллездің жануарлардан жұғып, созылмалы дертке шалдықтыратынын ескертеді.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Қоршаған орта сынамаларынан оң нәтиже анықталған ошақтардағы жергілікті ветеринарлық қызметтердің тарапынан залалсыздандыру жұмыстарын біз талап еттік. Ол жұмыстар жүргізілді. Бруцеллез - малдан адамға жұғатын, көп жағдайда созылмалы түрде кездесетін бірнеше уақыттан соң ауру қайта қозу немесе қайталану жағдайларының жиі кездесетінін білесіздер. Дер кезінде емделмесе мүгедектікке әкелуі мүмкін.