Өскеменде трамвай жүргізушілерін тегін оқытады

Өскемендегі трамвай паркінде жүргізушілер тапшы. Жергілікті депоға 20 жұмысшы жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан бригада жүргізушілерін кейде ауыстыратын адам табылмай қалып жатыр. Салдарынан 18 трамвайдың оны ғана желіге шығып жүр. Парк басшылығы мәселені шешу үшін жалақаны екі есе, яғни 400 мың теңгеге көтерді, бұған қоса жаңадан 4 бірдей қоғамдық көлік алды. Тіпті жүргізушілерді тегін қайта оқыту курсынан өткізуге де әзір.

Айта кеткен жөн, мұндай қоғамдық көлік түрі елімізде Павлодар, Теміртау, Өскеменде ғана сақталған.

Вера Шинкевич, трамвай паркінің көлік қозғалысы бойынша қызмет бастығы:

- Бізге жұмысқа тұрып, 400 мың теңге жалақы алуға әбден болады. Әрине, жұмыс жеңіл емес, көп еңбектену керек. Осы жүргізушілердің аздығы салдарынан трамвайларды толық қолдана алмай отырмыз.