ШҚО-ның волонтерлері 35 мың тоннадан астам гуманитарлық жүк жинады

Еріктілер облысқа қарасты елді мекендерді аралап киіз үй, жылы киім және азық-түлік қорын жинақтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүк көліктеріне тиеуге жүздеген студент атсалысты. Ал жергілікті компаниялар Астанаға дейін тегін жеткізуге уәде берді. Гуманитарлық көмек жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияның елшіліктеріне беріледі. Сол жерде сұрыпталып, әуе рейстері арқылы шетелге жөнелтіледі.

Данияр Жүнісов, волонтерлер фронт-кеңсесінің жетекшісі:

- 8 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан тұрғындары белсенділерімен күнделікті гуманитарлық көмек жинауда болдық. Ең бірінші керек заттар – ол қысқы киімдер, аяқ киімдер. Соның барлығы жиналған болатын. Сол гуманитарлық көмек бүгін Астана қаласына кетеді.