А. Хасенов: АЭС салынатын өңірдің сейсмикалық жағдайы ескеріледі

Атом электр станциясы салынатын ауданды таңдау кезінде өңірдің сейсмикалық жағдайы ескеріледі. Мұны Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов айтты.

Оның сөзінше, қазір нақты ауданды анықтау бойынша қоғамдық талқылау жүріп жатыр. Биыл атом электр станциясын салу технологиясына қатысты түпкілікті шешім қабылданады. Бүгінде базалық жобалау басталып кетті.

Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан қоғамдық талқылау жұмыстары ол нақты аудан бойынша ауданды айқындау жұмыстары, одан кейін нақты орынды жобалық негіздермен дайындалған кезде және құрылыс жұмыстарын бастау үшін кем дегенде 3 бәсекеде болатын нақты орын анықталатын болады. Техникалық, экономикалық негіздеменің аясында. Соған байланысты әр сатыда сейсмикалық ахуал ескерілетін болады.