Елімізде қатерлік ісікке шалдыққан балалардың саны артып жатыр

Әсіресе Астана, Алматы қалалары мен Түркістан өңіріндегі ауру асқынып тұр. Бұл туралы Астанадағы Ана мен бала орталығының мамандары хабарлады.

Көбіне бүлдіршінге лейкоз бен нейробластома диагнозы қойылады. Медицинадағы озық технологиялардың көмегімен бұл ауруларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік туды. Нәтижесінде дерттен айығып кеткендер саны 60-80%-ке жетіп қалды. Бүгін орталық дәрігерлері қатерлі ісікті жеңіп шыққан балаларды шақырып, арнайы шара ұйымдастырды. Олар дәл қазір ем қабылдап жатқан бүлдіршіндерге бастан өткергенін айтып, қолдау көрсетті.

Гүлшат Көшерова, онколог-гематолог:

- Біздің орталықта 4 онкобөлім жұмыс жасайды. Қатерлі ісікке шалдыққан балалар емделеді. Туған сәттен бастап 18 жасқа дейін балалар бар. Лейкозы бар балалар жылына 240-280 бала жетеді. Лимфобласттық лейкоз болса 80, ал миелобласттық болса 60%-ке дейін айығып кетеді.

Гүлсім Имаш, атырау облысының тұрғыны:

- Бұл аурудың 80%-і жеңуге тұрарлықтай. Дәрігерлердің айтуынша. Протоколдардың емі. Жасы кішкене балалар жақсы көтереді. Бұл ауруды жеңіп шықтық. Көп-көп рақмет айтамын.