Бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғауға болады?

Бұл мәселе бүгін Алматыда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің бірінші көшпелі отырысында талқыланды.

Қоғаммен бірлесіп құрылған «Бизнеске жол» жобасы аясында көптеген оң өзгеріс барын мамандар тілге тиек етті. Соның жарқын мысалы – ауыл шаруашылығына субсидия бөлу, - дейді жиынға қатысушылар. Көбіне негізгі 6 бағыт бойынша олқылықтар анықталды. Атап айтқанда, құрылыс, тұрғын үй, экономика және қаржы, экология, жер қатынастары мен әлеуметтік сала  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енді.

Жігер Байділдин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметі басшысының орынбасары:

- Біздің айтып кететін жәйт, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа биылғы жылдың өзінде 300-ге жуық өтініштер түсті. Өтініштердің көбейгені қазіргі таңда бизнестің бізге сенімінің артуының бір белгісі деп білеміз. Сонымен қатар біз тек белгілі бір кәсіпкерлердің қиындықтарын шешу ғана емес, яғни ол қиындықтарға алғышарт болған себептер мен салдарды жою үшін өзіміздің мониторингімізд, өзіміздің зерттеулерімізді, анализдерімізді жүргізіп отырмыз.