Жамбыл облысында 700 шақырымға жуық жол жөнделеді

Жамбыл облысында 700 шақырымға жуық жол жөнделеді

Жамбыл облысында биыл 700 шақырымға жуық жол жөнделеді.

Негізінен ауылішілік көшелерге басымдық беріледі. Мамандардың мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына 22 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Қаражаттың жартысына жуығы «Қуатты өңірлер», «Ауыл-Ел бесігі» жобалары аясында республикалық бюджеттен бөлінді. Жалпы облыс бойынша биыл 391 жоба іске асады. Оған 120 мың тоннаға жуық битум қажет. Жергілікті билік битум тапшылығын болдырмау үшін алдын ала қор жинап жатыр. Ал облыстағы 22 асфальт зауыты, сағатына 2000 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Бұл облыстың қажеттелігін қамтамасыз етуге жетеді.

Мұрат Саурықов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Пилоттық жобалар іске асырылған елді-мекендердің тек қана ауыл шаруашылық жағын дамыту емес. Сол жақтағы бүкіл инженерлік коммуникацияларын да жақсарту бойынша осы бағытта жұмыс жасау алға қойылған. Мысалға «Ауыл ел бесігі» бағдарламас бойынша 74 жоба іске асырылса, биылға мысалға 215 жобаға өсіп отыр. Былтырғы қаржыландыуға қарағанда биыл екі есеге өсті деген сөз.