Алматыдағы архив қоры құнды құжаттармен толықты

Алматыдағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қоры құнды деректермен толықты.

Бүгін өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында, тағдыр жазуымен тарихи Отанынан тыс жерде өмір сүрген қандастарымыздың жеке құжаттары, зерттеу еңбектері, ғылымдағы өнер-табыстары архивке табысталды. Атап айтқанда, Татарстанда еңбек еткен Қазақстанның тумасы техника ғылымдарының кандидаты Сағит Жақсыбаев Қырғызстанның Бішкек қаласында тұрған, тау-кен саласының білікті маманы Есенгелді Бексаловтың ғылымдағы орасан жетістіктерін ай-ғақтайтын құжаттар енді зерттеушілер үшін қолжетімді. Сондай-ақ Бішкекте еңбек еткен тағы бір отандасымыз химия ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Жаманбаев туралы мәліметтерде өткізілді. Мәселен, Жеңіс Жаманбаевтың 10 ғылыми жобасы, Ресейдің Шосткин химиялық реактивтер зауытында өндіріске енгізілген. «Бұл деректер негізінде жеке тектік қор құрылады», - дейді мамандар. Тарихи құжаттар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Архив 2020-2025» жобасы аясында елемізге жеткізілді.

Баян Жұматаева, Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің директоры:

- Жеке басына қатысты құжаттары. Туған туысқаны, автобиографиясы, зерттеулерінің нәтижесіндегі ғылыми жұмыстары отбасымен түскен суреттері. Ғылыми әлемдегі бір біріне жазысқан хаттар. Оның бәрі зерттелуі керек, оның бәрі ғылыми айналымға ену үшін әлі көптеген жұмыс күтіп тұр алда бізді.