Елдегі мектептерді тиімді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету керек

Елдегі мектептерді тиімді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету керек. Қазіргісі тек, формальды түрде жүргізіледі.

Бұл жайында сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында атап өтті. Жоғарғы палата өкілі жуырда Петропавл қаласындағы мектепте болған жағдайды еске салды. Сенатордың сөзінше, қазір елде осындай төтенше жағдайларды болжау жүйесі жоқтың қасы. Проблеманы алдын алу жайы да ақсап тұр. Оқушылардың психологиялық портретін жасау керек. Ол үшін психологтар мен әлеуметтік педагогтардың мықты штаты қажет. Сондықтан мектептерде, әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып қауіпсіздік шараларын

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Францияда оқушыларда ғимаратқа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жазылған нұсқаулық беріледі. Сабақ арасында мына рюкзактар мен портфельдер міндетті түрде тексеріледі. Жылына 2 рет антитеррористік жаттығу сабақтары өткізіледі. Англияда барлық оқушы мен мұғалім рұқсатнамамен, бейджиктермен ғана жүреді. Мектеп есіктері тек электронды кілтпен ашылады.