СҚО-да бизнес жобаларға бөлінген қаржы дұрыс игерілмеген

Солтүстік Қазақстан облысында бизнес жобаларға бөлінген қаржы дұрыс игерілмеген.

Адамдарды жалған түрде оқу курстарынан өткізу және құжат жүзінде ғана жұмысқа орналастыру фактілері болған. Кейбір кәсіпкер ол  үшін мемлекеттен ақша алып отырған. Прокурорлардың мәліметінше, мұндай жағдай барлық аудан мен Петропавл қаласында тіркелген. Жұмыспен қамту бөлімдеріне жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша, лауазымды тұлғалар жауапқа тартылып, 38 млн теңге өтелді.

Юлия Корихова, облыстық Прокуратура басқармасының аға прокуроры:

- Мысалы, Мамлют ауданында мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кәсіпкердің жалған құжаттарды көрсету арқылы бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны белгілі болды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады.