Түркістан облысында 15 туристік нысан ашылады

Түркістан облысында алдағы 2 жылда құны 41,7 млрд теңге болатын 18 инвестициялықтуристік жоба іске асырылады.

Оның 15-і биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Түркістан жұртшылығымен кездесуінде Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді. Асхат Ораловтың айтуынша, алдағы 3 жылда елде 500 мәдениет нысанының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жоспарланған. Соның ішінде биыл Түркістан өңірінде 15 мәдениет үйі жөнделіп, 3 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бұдан бөлек, Гауһар ана, Отырар және Сауран бизит орталығы ашылады. Ең бастысы – биылдан бастап мәдениет, мұрағат саласында жұмыс істейтін барлық қызметкердің жалақысы өседі. Бұған қоса, 12 мың қызметкерге жұмысының ауырлығына қарай қосымша ақы төленетін болды. Өнер адамдары үшін тағы бір жағымды жаңалық – министр Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы қайтарылатынын жеткізді. Ал Артспорт бойынша биыл 3 мың бала тегін үйірмелермен қамтылмақ. «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі биыл Түркістаннан бастау алады.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Түркістан облысына 2 күнге келдім. Ертең ауылдағы ағайынның мәселесін білу үшін ауылдарды аралуды жөн деп таптым. 2 күнде біз 20-дан астам кездесу ұйымдастырып, жергілікті жердің ерекшелігін ескере отырып, тұжырымдамамызға енгізіп, бірлесіп жұмыс атқарамыз. Мысалы Шардараның өзінде 1 спорт орталығынан 28 әлем чемпионы шығыпты армрестлигтен. Олардың барып жағдайын білмейміз бе? Қандай жабдық керек, қандай методика керек? Мемлекет, министрлік тарапынан қолайлы жағдай жасайық, мүмкіндік берейік. Одан кейін 28 емес, 100 деген чемпиондар шығады. Олардың әлеуетін арттыру үшін мен министр ретінде барын саламын.