Каспий құбыр консорциумының жұмысын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Каспий құбыр консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және құбырдың өткізу қабілетін арттыру.

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбаньмен кездесіп, осы мәселелерді талқылады. Консорциумның былтырғы жұмысы мен алдағы жоспары айтылды. Тараптар, құбыр жүйесінің өткізу қабілетін арттырудың нәтижесінде, Қазақстаннан жылына 72,5 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдау мүмкіндік бергенін атап өтті. Әлихан Смайылов бұл маңызды мәселе екенін жеткізді. Николай Горбань: «мұнай құбырының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар іске асады», - деді.