Алматы облысында отандық тауарларды өндіру көрсеткіші жоғары

Алматы облысында отандық азық-түлік тауарларын өндіру көрсеткіші жоғары.

Дегенмен, облыста игерілмей жатқан жер жетерлік. Соларды мемлекетке қайтаруды қатаң қадағалау керек. Бұл жөнінде өңірге жұмыс сапарымен барған ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Министр, Қонаев қаласындағы жылыжайда болды. Мұнда өсірілген өнімнің 85% экспортталады. Ішкі нарықтың сұранысына сай қияр мен қызанақ жиналады. «Дегенмен электр қуатынына кететін шығынды өтеу үшін субсидиялық көмек қарастырылса», - дейді кешен басшысы. Облыс орталығында министрмен кездескен шаруалар,  өздерін толғандырған осы сынды мәселелерді ортаға салды. Алма мен көкөніс сақтайтын қоймаларды салу үшін қосымша жер жетпей жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Шеңгелді атырабы мен Балқаш ауданында пияз бен күріш алқаптарының аздығы сөз болды.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Тиімді игерілмей жатқан жерлерді оборотқа қосып, пиязды, көкөністі өсіру мәселесі. Оған қосымша көкөністі сақтау, қоймаларды соғу мәселесін қолға алу керек СКЛ Бізде «Жол карта» бар көкөнес сақтайтын қоймаларды соғу үшін Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Субсидия көлемі 50 % дейін өсіп жатыр.