Ақтөбе облысында 770 шақырым жол жөнделеді

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш-Шалқар тасжолын күрделі жөндеу жұмыстары күтіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші кезекте, жол жабындысының 100 шақырымын қалыпқа келтіру керек. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін парламенттік тыңдауда өңір басшысы Ералы Тоғжанов айтты. Ол депутаттардан аталған жобаны қолдауды сұрады. Облыс әкімінің айтуынша, биыл Ақтөбе-Ұлғайсын арасындағы республикалық маңызға ие жолдың 262 шақырым учаскесі жөнделіп, 4 жолаққа дейін кеңейтіледі. Жалпы, биыл 160 жоба іске асырылып, ұзындығы 770 шақырым болатын жол жаңғыртылады. Қазіргі таңда құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.