Ақтөбе облысында жаңа газ желісі тартылады

Биыл Ақтөбеде Бұхара-Орал магистралдық газ құбырының үшінші желісінің құрылысы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл облысқа жеткізілетін көгілдір отын көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір газ тапшылығы аймақта ірі инвестжобаларды жүзеге асыру кезіндегі негізгі проблемаға айналып отыр. Қолданыстағы құбырлар өткен ғасырдың 60-80 жылдары салынған. Онсыз да 9-ы жетіп тұрған газ желісіне 175%-ке дейін артық күш түседі. Сондықтан үшінші желінің құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Облыс басшысының айтуынша, жұмыс наурыз айында басталады. Жобаның жалпы құны 43 млрд теңгеден асады.